Астанада қыстың қақ ортасында Тәуелсіздік даңғылының бір бөлігі жабылып қалды

Автор: Асыл Арман

Жөндеу жұмысы 1,5-2 тәулікке созылады

Фото: Сарайшық ауданының әкімдігі/Видеодан скрин

Астана қаласында қыстың қақ ортасында Тәуелсіздік даңғылының бір бөлігі апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына байланысты уақытша жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сарайшық әкімдігінің мәліметінше, Тәуелсіздік даңғылы мен Ш.Қалдаяқов көшесінің қиылысында апаттық-қалпына келтіру жұмысына байланысты қозғалыс 1,5-2 тәулікке жабылады.

«Бұл ретте Ш.Қалдаяқов көшесінен И.Панфилов көшесіне дейінгі учаскеде бір бағытта. Ал Ш.Қалдаяқов көшесіндегі оңға бұрылатын қосымша жол арқылы Тәуелсіздік даңғылына өтуге болады.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», – делінген әкімдік хабарламасында.