Қаскүнемдер хабарламада «шұғыл, тез әрекет ету керек» деген сөздерді әдейі қолданады
Соңғы уақытта Uchet.kz және Qoldau.kz сервистерінің атын жамылған алаяқтар жалған SMS-хабарламалар таратып жатыр. Осыған байланысты киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті азаматтарды сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаскүнемдер хабарламада «шұғыл, тез әрекет ету керек» деген сөздерді әдейі қолданып, адамдарды асықтырып, қорқытып жеке деректерін, логин мен парольдерін алуға тырысады. Негізгі мақсат – азаматтардың есептік жазбаларына және қаржылық қаражатына қол жеткізу.
Есте сақтаңыз: