Альварес The Athletic порталына берген сұхбатында Головкинді алғашқы раундта-ақ құлататын айтты, деп жазады ktk.kz
Орта салмақта WBA (Super) және WBC (Franchise) чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (52-1-2, 35 КО) IBF пен IBO белбеулеріне ие қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) үшінші жекпе-жек өткізу туралы ойын айтты.
«Головкиннің Деревянченкомен жекпе-жегін көріп, трилогияға деген қызығушылығым одан сайын жоғала түсті. Онымен 24 раунд өткізіп, жеңгенмін. Өзімнің Головкиннен мықты екеніме сенімдімін. Головкин енді маған сынақ емес. Егер оның командасы қомақты қаржы ұсынса, үшінші рет жұдырықтасуымыз мүмкін. Ал мен рингке шыға салысымен бірінші раундта-ақ оны жайратып, карьерасын аяқтаймын», - деді Альварес The Athletic порталына берген сұхбатында.