Еліміздің үш аймағында үсік жүреді

Автор: Azattyq Rýhy

Синоптиктер 10-12 қыркүйекте еліміздің бірқатар аймақтарында үсік жүретінін ескертеді

AlmatyTV

Биіктіктегі барикалық жыра арқылы Оралдан түсіп жатқан суық және ылғал ауа және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанға әлі де ықпалын тигізуді жалғастыруда.

Сондықтан алдағы үш тәулікте жаңбыр, оңтүстік және оңтүстік-шығыста найзағаймен және республиканың көптеген облыстарында аталған аралыққа төмен ауа температурасы сақталады. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда 3°С дейін үсік күтіледі.

Республиканың тек батысында антициклонмен жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, оның шығыс бағытта жылжуымен Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында да жаңбыр басылады,- деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.