ҰҚК Шекара қызметінің 2026 жылғы қаңтардағы іс-қимыл нәтижелері жарияланды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі 2026 жылдың қаңтар айында атқарылған іс-шаралардың нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2026 жылғы қаңтарда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, шекара кеңістігінде ҚР заңнамасын бұзған 3 026 адамды ұстады, оның ішінде 2 594 адам – шетел азаматы.
Мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 1 062 фактісінің алды алынды, соның ішінде:
«Каспий су айдынында браконьерлік іс-әрекеттердің 5 фактісінің жолы кесілді, заңсыз балық аулау құралдары тәркіленді. Бұл фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді», – делінген ҰҚК хабарламасында.