Республикалық автожолдардағы жағдай белгілі болды
Қазақстанның 8 облысындағы тасжолда қарлы ауа райы болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 2 ақпан күні Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан мен Ұлытау облыстарының кей жерлерінде қар жауады деп болжанып отыр.
Осыған байланысты жүргізушілер жолға шығар алды сапарын алдын ала жоспарлап, сақтықты күшейтуі қажет:
«Жолдағы ахуал және мүмкін болатын шектеулер туралы нақты ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласып біле аласыз», – делінген хабарламада.