Оқиға 28 қаңтар күні кешкі уақытта болған
Алматыда мопед жүргізушісін қағып, оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісін іздеу жұмысы жалғасып жатыр. Оқиға 28 қаңтар күні кешкі уақытта қаланың Бостандық ауданында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, жеке басы анықталмаған көлік Сайын көшесімен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, Мұстафин көшесімен қиылыста мопедпен соқтығысқан. Осыдан кейін жүргізуші оқиға орнынан кеткен.
Полиция өкілдері мопед жүргізушісінің жағдайы жақсы екенін хабарлады. Алайда бүгінгі күнге дейін автокөлік жүргізушісі анықталмаған. Оны табу және полицияға жеткізу мақсатында іздестіру бөлімінің қызметкерлері жедел іс-шараларды жалғастырып жатыр.
Аталған дерек бойынша материалдар Алматы қаласы Бостандық аудандық полиция басқармасының өндірісінде.