Конституцияға енетін өзгерістер ел дамуына бағытталған жүйелі реформа – Имашева
Ол азаматтардың құқықтары нығая түсетінін жеткізді
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Снежанна Имашева Конституцияға енгізілелі отырған өзгертулер тұжырымды әрі жүйелі екенін айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Түзетулер Конституцияның 77 бабын қамтиды. Іс жүзінде өзгерістер Конституцияның барлық бөлімдерін қамтып отыр. Азаматар мен саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдардан түскен ұсыныстар ескеріле отырып, Конституцияға енгізілетін өзгертулердің жобасы ұсынылды. Жоба Конституцияның преамблуасы жаңа редакцияда қабылдауды көздейді. Онда жаңартылған құндылықтар мен елдің одан әрі даму бағыты көрініс тапқан. Сондай-ақ Халық кеңесі мен Конституциялық өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тағы екі жаңа бөлім мен төрт бөлімнің атауы мен мазмұнына өзгеріс енгізу жоспарланып отыр», - деді ол.
Депутат атағандай, Конституциялық құрылымның елеулі негіздері қайта қаралып, президенттің басқару нысаны сақтала отырып, бірыңғай мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы өзгереді.
«Азаматтардың мемлекет ісін басқаруға қатысты ісі меңгеріліп, адам мен азматтардың құқықтары мен бостандықтарын күшейту көзделеді. Осылайша, сөз жекелеген түзетулер емес, негізгі заңның мазмұны мен тәсілін өзгертететін терең конституциялық жаңғырту туралы болып отыр. ҚР Құқықтық актілер туралы заңның 26-бабына басшылыққа алу қажет деп санаймыз», - деді Имашева.
Депутат Жаңа Конституцияның қпбылдау идеясын қолдайтынын айтты.