Депутат референдум атауын «Халықтық референдум» деп өзгертуді ұсынды

Автор: Аягөз Құрмаш

Оның атауын жалпыұлттық референдум деп ауыстыру нұсқасы да бар

Фото: видеодан скриншот

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Әбенов Конституциялық комиссиясының бесінші отырысында референдумге қатысты тарихи қателікті түзетуге мүмкіндік бар екенін айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Қазіргі Конституция мәтініне сәйкес, референдум республикалық референдум деп аталады. Дегенмен референдум ең маңызды мәселелер бойынша өткізілуі керек. Сондықтан референдум атауы халықтың бірлігі негізінде өтуі керек. Осыған байланысты республикалық референдумның орнына халықтық референдум, жалпыұлттық референдум деп өзгерту ұсынылады»,- деді ол.

Депутат атағандай, Конституция деңгейінде зияткерлік меншік, авторлық құқық, патенттер және ғылыми жаңалықтар шешімін қорғау бойынша мемлекет осы Конституция негіздеріне сәйкес өз мойнына алады.

«Мемлекет шығармашылық және ғылыми қызметке жағдай жасауы керек деген қағиданы бекіту маңызды. Бір азаматтың сөз еркіндігі басқа адамның құқығын бұзбауы керек. Сөз еркіндігі мен ой еркіндігі Конституцияда бар, бірақ қазір әртүрлі жағдайларды көріп отырмыз. Интернетте азаматтар жайлы басқа азаматтардың намысына тиетін ақпарат тарату жағдайлары бар. Соның алдын алу үшін еуропалық тәжірибелерді қарастырылды. Адамның өз бостандығы мен сөз бостандығы басқа адама зиян келтірумеуі керек», - деді Мұрат Әбенов.