Петропавлда пойыз қағып кеткен қарт кісі көз жұмды

Автор: Асыл Арман

Қайғылы оқиғаны Көліктегі полиция департаменті ресми түрде растады

Фото: ҚТЖ

Солтүстік Қазақстан облысында пойыз қағып кеткен қарт кісі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиғаны Көліктегі полиция департаменті ресми түрде растап, агенттік тілшісіне пікір білдірді.

«Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімі теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі немесе пайдалану ережелерін бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта іс аясында қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», – делінген агенттік тілшісіне берген пікірінде.