Ақтауда 100-ге жуық адам көктайғақ күні жарақат алған

Автор: Асыл Арман

Аймақта соңғы екі күнде ауа райы күрт құбылып тұр

Фото: Pixabay.com

Соңғы екі күнде ауа райының қолайсыздығына байланысты Манғыстау облысының көпсалалы ауруханасына 94 адам қаралуға барған. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, 26 қаңтар күні көктайғақтан 91 адам қабылдау бөліміне жүгінген. Бүгін, 27 қаңтарда, тағы 3 пациент дәрігерлердің қарауынан өткен.

Осылайша, көктайғақтан зардап шеккендердің жалпы саны 94 адамға жеткен. Олардың алтауы стационарлық ем алу үшін ауруханаға жатқызылды.

Дәрігерлердің айтуынша, негізгі жарақаттар жоғарғы және төменгі аяқ-қол сүйектері мен буындарға келген. Жедел жәрдемге жүгінген науқастарға рентгенологиялық тексеру жүргізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілді.