$ 502.27  597.15  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында «Газель» қағып кеткен ер адам тіл тартпай кетті

Қайғылы оқиға 26 қаңтар күні Омбы-Майқапшағай автожолында болды

Павлодар облысында «Газель» қағып кеткен ер адам тіл тартпай кетті
Фото: Павлодар облысы ПД

Павлодар облысында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы тіркелді. Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің агенттікке берген түсініктемесіне сәйкес, алдын ала мәлімет бойынша, 26 қаңтар күні Омбы-Майқапшағай автожолындағы Шарбақты ауылының маңында «Газель» маркалы автокөліктің жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Соққы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты. Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды.

Қазір оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.

Полиция өкілдері мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде аса мұқият болуға, көліктің техникалық жағдайын тұрақты бақылап отыруға және ауа райының өзгерістерін ескеруге шақырды.