Туындының тұсаукесері 30 қаңтарда өтеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде жұбайы туралы түсірілген «MELANIA» деректі фильмін жарнамалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, 2026 жылғы 30 қаңтарға жоспарланған фильмнің прокатқа шығуына санаулы күндер қалғанда билеттер «өте жылдам сатылып жатыр».
Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тың бірінші ханымы, дизайнер әрі модель Мелания Трамп Ақ үйде өзі туралы деректі фильмнің жабық көрсетілімін өткізген болатын. Көрсетілімге отбасы мүшелері, жақын достары және жұбайы АҚШ президенті Дональд Трамп қатысты.
Жобада дизайнердің жұбайының екінші инаугурациясына дейінгі 20 күндік өмірі қамтылады. Сондай-ақ фильмде Мелания Трамп президенттің кеңесшісі ретіндегі қыры да ашылады. Мәселен, инаугурациялық сөзінде Дональд Трамптың өзін «бейбітшілік орнатушы және біріктіруші» ретінде атап өтуін дәл Мелания ұсынғаны көрсетіледі.