Прокуратура арнайы мәлімдеме жасады
Ақтөбеде сот психотроптық заттардың заңсыз айналымымен айналысқан жергілікті тұрғынға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратураның мәліметінше, тұрақты жұмыс орны жоқ ер адамның интернет-ресурстар мен Telegram мессенджері арқылы белгісіз тұлғалармен сөз байласқаны анықталды. Ол қала аумағында «жасырын орындар» (бетпе-бет келмейтін әдіс) арқылы психотроптық заттарды өткізуді ұйымдастырып, әрбір салынған зат (закладка) үшін ақы алып отырған.
Сот кінәлі адамға жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
«Көлік прокуратурасы есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді және азаматтарды қырағы болуға шақырады», – делінген прокуратура хабарламасында.