Маңғыстау мен Шығыс Қазақстанда тас жолдар жабылды
Екі облыста ауа райы бұзылған
Маңғыстау облысы мен Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты жолдар жабылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында тіркемесі бар жүк көліктердің қозғалысы шектелген. Ал, Маңғыстау облысында барлық көлік түрінің қозғалысына шектелген.
«2026 жылы 26 қаңтар күні сағат 13:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1104-1191 шақырым аралығындағы учаскесінде тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады. Ал, Маңғыстау облысында «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 632-718 шақырым аралығында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады», - деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол».
Екі облыстағы жолдар да бүгін кешке ашылады.