$ 502.27  597.15  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда жасөспірім достарымен бірге пойыз жолына шығып кеткен: оның анасы істі болды

Оқиға 2026 жылдың 9 қаңтарында болды

Қостанайда жасөспірім достарымен бірге пойыз жолына шығып кеткен: оның анасы істі болды
Фото: ҚТЖ

Қостанайда баласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін анасы айыппұл арқалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қостанай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2010 жылы туған кәмелетке толмаған баланың анасы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігінде көзделген баланы тәрбиелеу және асырау жөніндегі ата-аналық міндеттерін тиісті деңгейде орындамағанын анықтады.

Атап айтқанда, анасы ұлын тәрбиелеуден жалтарған; тұрмыста және қоғамдық орындарда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін үйретпеген; балаға адамгершілік және моральдық құндылықтарды қалыптастырмаған.

Соның салдарынан 2026 жылдың 9 қаңтарында кәмелетке толмаған бала достарымен бірге белгіленбеген жерде теміржол рельстеріне шыққан. Бұл «Қостанай – Алматы» бағытындағы пойыз қозғалысына нақты қауіп төндірген.

Пойыздың шұғыл тежелуі ықтимал апаттың алдын алды, алайда оның салдары аса ауыр болуы мүмкін еді.

Сот ананы ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 43 250 теңге көлемінде айыппұл салды.