Аймақта жылдамдық режимін бұзудың 12 мыңға жуық дерегі анықталды
Павлодар облысында жылдамдықты асыру – жол қозғалысы кезінде жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың бірі. Аймақтық Полиция департаментінің мәліметінше, қабылданып жатқан барлық шараларға қарамастан, тәртіп бұзушылардың саны азаймай отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мәселен, Павлодар – Астана автожолында KIA K5 автокөлігінің жүргізушісі рұқсат етілген жылдамдық 140 км/сағ болғанына қарамастан, 179 км/сағ жылдамдықпен қозғалған. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бәкібай Ахмедьянов.
Айта кетейік, жыл басынан бері полиция қызметкерлері жылдамдық режимін бұзудың 11 603 дерегін анықтады.
Қозғалыс жылдамдығы жүргізуші немесе жолаушының асығыстығына байланысты болмауы тиіс, себебі кез келген асығыстық жылдамдықтың артуына әкеліп, жолдағы қауіпсіздікке қатер төндіреді.