Сондай-ақ жергілікті басқару бағытында да өзгерістер болмақ
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Конституциялық комиссияның отырысында жерлікті және мемлекеттік басқару бойынша Конституцияның бірқатар бабына ұсынылған өзгерістерді жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жергілікті, мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды реттейтін Конституцияның 8-ші бөлімі мен басқа бөлімдерінің бірқатар баптарына бірпалаталы заң шығару органды, ол Құрылтайдың енгізуіне байланысты республика деген атаудың орнына Қазақстан Республикасы деп нақтылау мақсатында редакциялық өзгерістер енгізіледі. Конституцияны 43-бабы өзгеріссіз қалады», - деді Ерлан Сәрсембаев.
Еске салсақ, Астанада бүгін Конституциялық комиссияның екінші отырысы өтіп жатыр.