Астанада Конституцияға көзделіп отырған өзгерістер талқыланып жатыр
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Конституциялық комиссияның отырысында президент өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда сайлау жайлы шешімді жариялауға 7 күн берілетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Биліктің демократиялық бірізділігін сақтау үшін Конституцияның сәйкес бабы президенттің өз лауазымынан мерзімінен бұрын кетуіне немесе өмірден өткенінен кейін 7 күннен соң Құрылтай президент сайлауын екі айдан кейін өткізуді жариялауын қарастырады. Президенттің өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуы саяси жүйе үшін өте сезімтал тақырып. Құрылтайдың шешім қабылдау мерзімі нақты бекітілген», - деді ол.
Министр атағандай, сайлау жариялайтын 7 күндік мерзім конституциялық кепілдікті жүзеге асырып, ұзақмерзімді тыныштық жағдайының болмауын қамтамасыз етеді.
«Сайлаудың өзі шешім шыққанан кейін 2 ай ішінде өтуі керек. Бұл кандидаттарға дайындық жүргізуге мүмкіндік береді әрі мемлекетке өкілеттіксіз ұзақ мерзімде болмауын қамтамасыз етеді. Құрылтай президенттік сайлауды жариялау кезінде биліктің әртараптануы мен институционалдық тепе-теңдікті көрсетеді. Құрылтай жоғары биліктің беруілуі ашық әрі тиімді, Конституцияға сай өтетінін қамтамасыз етеді», - деді Сәрсембаев.
Еске салсақ, Астанада бүгін Конституциялық комиссияның екінші отырысы өтіп жатыр.