Илья Ильин ауруханада жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Оның ауруханада жатқанына 6 күн болды

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық ауыр атлет, әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Спортшы өзінің Instagram парақшасында дәрігерлерге арнап видеоүндеу жолдады. 

«Мен бұл видеоны жүктегім келмеді, бірақ қазіргі қал жағдайымды жазғаным дұрыс деп шештім. Қазір бәрі ойдағыдай. Дәрігерлерімізге көп рахмет! Қазір сіздер үшін өте қиын кезең екенін бәріміз жақсы түсінеміз. Сіздерге бүкіл Қазақстан халқы үмітпен қарап отыр», - деп жазады Илья Ильин.

Ол алты күннен бері ауруханада жатыр. Илья Ильин коронавирус жұқтырмаған, күйзеліске байланысты аллергиялық реакция болған. Қызылордалық дәрігерлер әрең дегенде есін жиғызған.