$ 503.35  590.63  6.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

24 қаңтарда елді қар мен тұман басады: 14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жаңбыр, қар, көктайғақ пен тұман: синоптиктер қауіпті құбылыстар туралы ескертті

24 қаңтарда елді қар мен тұман басады: 14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» синоптиктері 24 қаңтарда елдің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мамандардың мәліметінше, оңтүстік, батыс және солтүстік аймақтарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман және желдің күшеюі күтіледі. Кей өңірлерде жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында қар жауып, күндіз батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Аймақта жаяу бұрқасын, көктайғақ пен тұман түсіп, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түркістан қаласында да дәл осындай ауа райы сақталады.

Шымкентте күндіз жауын-шашын түсіп, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады. Кей уақыттарда тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа жетеді.

Қарағанды және Ұлытау облыстарының бірқатар аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі. Жезқазған қаласында да күндіз қар жауады.

Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болып, өңірдің солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Маңғыстау облысында тұман мен көктайғақ күтіліп, Ақтауда түнгі және таңғы уақытта көріну қашықтығы төмендеуі мүмкін.

Атырау облысының шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың бірнеше бөлігінде тұман түседі. Ақтөбе облысында да қар мен бұрқасын күтіліп, орталық аудандарда желдің екпіні 18 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Жамбыл облысында тұман түсіп, таулы аудандарда жел күшейеді. Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында тұман басым болып, кей жерлерде қар мен жаяу бұрқасын байқалады.

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында қар мен бұрқасын соғып, жел бағыты өзгеріп, екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола және Жетісу облыстарында қар, тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Мамандар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді сақтық шараларын күшейтуге шақырады.