«13 жасар қыз баланы пәтеріне шақырған»: Ақтаудағы оқиға жұртты шошытты (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Оқиға Мұнайлы ауданында болған

Фото: istockphoto.com

Желіде ер адамның кәмелетке толмаған қызды пәтеріне не себепті шақырғанын түсіндіріп тұрған видеосын жариялады. Кадр сыртында оны педофил деп атаған дауыс естіледі. Маңғыстау облыстық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты пікір берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy, агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Желіде Ақтауда ер адамның 2013 жылы туған кәмелетке толмаған қызбен танысып, оны тек әңгімелесу үшін ғана пәтеріне шақырғанын мойындағаны туралы ақпарат жарияланды.

Бейнежазбада ол өзінің 2004 жылы туғанын айтып, қызды ешқандай жаман немесе заңға қайшы ниетсіз сөйлесу мақсатында шақырғанын жеткізеді. Сонымен қатар, кадр сыртында бір дауыс ер адамды педофил деп атап жатады.

Өңірлік полиция бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Аталған дерек Мұнайлы аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Тексеру барысында бейнежазба авторы айтқан кәмелетке толмағанмен кездесуге ниеттенгені жөніндегі уәждер расталған жоқ. Оқиғаға қатысқан барлық тұлға анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тараптардың бір-біріне ешқандай арыз-шағымы жоқ», – деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Ведомство оқиғаның кейбір мән-жайларын да түсіндірді. Белгілі болғандай, видеодағы ер адам жасөспіріммен Instagram әлеуметтік желісі арқылы танысқан. Хат алмасу барысында қыз өзінің кәмелетке толғанын айтқан. Осыдан кейін ер адам оны кафеде кездесуге шақырған. Кейін қыздың ағасы жазбаларды байқап, оның телефонын алып қойып, ер адаммен қыздың атынан хат алмасуды жалғастырған. Кездесуге қыз емес, оның ағасы келген, ол да кәмелетке толмаған болып шыққан. Ер адаммен әңгіме барысында оның мектеп оқушысын үйіне шақырмағаны және тек қоғамдық орында кездесуді жоспарлағаны анықталған.

Еске салайық, ресми деректерге сәйкес, Маңғыстау облысында кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар үшін бұрын сотталған 20 адам тұрады.