Тоқаев Давоста халықаралық көшбасшылармен бірқатар маңызды кездесу өткізді

Автор: Мөлдір Қазыбай

Президент әлемдік саясат пен экономика өкілдерімен пікір алмасты

Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Давоста өткен халықаралық алаң аясында бірқатар мемлекет және ұйым басшыларымен кездесіп, өзекті мәселелер жөнінде қысқаша пікір алмасты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Давоста Армения Президенті Ваагн Хачатурянмен, Премьер-министр Никол Пашинянмен, Индонезия Президенті Прабово Субиантомен, Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасы Тони Блэрмен, АҚШ Сауда министрі Говард Латникпен және ФИФА президенті Джанни Инфантиномен аз-кем әңгімелесті.