Көлік иесі моторының майын ауыстырмақ болған
Шымкенттегі техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінде көлік мінген әйел адам ер адамды қабырғаға жаншып тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бейнебақылау камерасының жазбасы әлеуметтік желілерде жарияланып, тез арада көп қаралым жинады.
Автокөлік майын ауыстыру үшін тексеру шұңқырына кірген кезде оқыс оқиға болған.
Әйел жүргізуші газ бен тежегіш педальдарін шатастырып, газды басып жіберген. Сол сәтте көлік алдында тұрған ер адамды қабырғаға жаншып тастады.
Azattyq Rýhy редакциясы оқиға бойынша Шымкент қаласы полиция департаментіне хабарласты.