Қазақстан президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қол қою рәсіміне Қазақстан президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты.
Айта кетейік, осыған дейін Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына барғаны хабарланған болатын.