Жетісу облысындағы тасжол ауа райына байланысты үш күнге жабылды

Автор: Асыл Арман

Жетісу облысында республикалық автожолда қозғалысқа шектеу енгізілді

Фото: pixabay.com

2026 жылғы 22 қаңтарда ауа райының нашарлауына байланысты Жетісу облысында республикалық автожол жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, шектеу сағат 12:00-ден бастап автожолдың Үшарал – Достық учаскесінде (84-ші километрден 164-ші километрге дейін, Көктұма ауылынан Достық станциясына дейін) енгізілді.

Көлік қозғалысын қайта ашу уақыты – 2026 жылғы 25 қаңтар, сағат 08:00.

Қосымша ақпарат алу үшін 1403 колл-орталығына кез келген уақытта хабарласуға болады.