АӘК-тің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдау
Қазақстанда 2025 жылы 54,4 мың отбасындағы 292,7 мың адамға 33,4 млрд теңге сомасында атаулы әлеуметтік көмек берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Осыған дейін хабарланғандай, АӘК-тің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару», – делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.
АӘК мыналарды көздейді:
АӘК тағайындауға өтінішті қазақстандықтар тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.
Айта кетейік, жауапты министрліктің басшысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа берген есебінде Қазақстанда АӘК төлеудің жаңа тәсілі пайда болатыны хабарланған. Ал Еңбек министрлігі 2024 жылдың қорытындысы бойынша 413,7 мың адамға 39,5 млрд теңге АӘК бөлген.