«Қазгидромет» болжамы белгілі болды
«Қазгидромет» РМК алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, қысқа мерзімді жылымықтан кейін Қазақстанның солтүстік өңірлеріне қайтадан аяз күшейеді. Кейбір аудандарда қар жауғанымен, түнгі уақытта ауа температурасы 30-35 градус аязға дейін төмендейді.
«Республиканың оңтүстігі циклонның ықпалында болады, ол өзімен бірге қар әкеледі, 22-23 қаңтарда қатты қар жауып, жел күшейіп, көктайғақ құбылыстары күтіледі. Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы айтарлықтай өзгеріссіз сақталады», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.