Ақорда арнайы хабарлама жариялады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президентінің шақыруымен Давос қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«22 қаңтар күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою рәсіміне қатысу үшін Давос қаласына жұмыс сапарымен барады», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Газа бойынша Әлем кеңесінің құрамына кіру туралы ресми шақыру жолдағаны хабарланған болатын.