Қайғылы оқиға Якутияда болды
Якутияда көрме үшін қойылған танктің ішіне кірмек болған жасөспірім ажал құшты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Baza Telegram каналының мәліметінше, Якутиядағы саябақта ұйымдастырылған ашық аспан астындағы әскери техника көрмесін аралап жүрген 16 жастағы оқушы танктердің бірін ішінен көрмек болып, түбіндегі люк арқылы ішке кірген. Алдын ала мәлімет бойынша, оны ауыр, қозғалмалы металл бөлшек басып қалған.
Жасөспірімді құтқару мүмкін болмады, ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Саябақ өкілдері жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты. Қазіргі таңда оқиға орнында тергеу комитеті жұмыс жүргізіп жатыр.