Бурабайда жағажайлар карантинге жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Шектеу шаралары өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанша енгізіліп отыр

Фото: ашық дереккөзден

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркінің жағажайлары жабылды, деп хабарлайды «Хабар24».

«Ақмола облысында коронавирус инфекциясына байланысты қатаң шектеу шаралары енгізілгендіктен, «Бурабай» паркінің жағажайлары жабылды», - деп хабарлады ұлттық парктің баспасөз қызметі.

Шектеу шаралары өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанша енгізіліп отыр.

«Қоғамдық жерлерде әлеуметтік қашықты сақтап, бетперде тағу керек», - делінген хабарламада.