Халық кеңесіне 126 адам кіреді
Ұлттық құрылтайдың V отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Парламенттегі өзгерістер жайлы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ассамблеяның орнына Қазақстанның халық кеңесі құрылатын болды. Оның құрамында 126 адам болады.
Қазақстанның халық кеңесі елдің жоғары консультациялық органы мәртебесіне ие болады.
«Квота – барлық этникалық және қоғамдық топтардың мүддесін ескеретін әлеуметтік әділеттіліктің айқын көрінісі. Сондықтан бұл квоталарды алдағы уақытта да сақтауды ұсынамын», – деді Тоқаев.
Жаңа Парламентте төрағаның 3 орынбасары болуы мүмкін, ал комитет саны сегізден аспайды.Жаңа Парламентте депутаттар 5 жылға сайланады.