Шұғыл: Қазақстанда вице-президент деген лауазым пайда болады
Оны президент өзі тағайындайды
Ұлттық құрылтайдың V отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда вице-президент деген лауазым пайда болатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тоқаев Ұлттық құрылтайда тағы бір лауазымды енгізуді ұсынды. Вице–президентті президент өзі тағайындайды.
«Жоспар бойынша, вице-президент президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының мүдделерін халықаралық форумдарда, тиісті мемлекеттердің делегацияларымен келіссөздерде ұсынады, президенттің атынан парламентпен әрекеттеседі, сондай-ақ отандық және шетелдік қоғамдық, саяси, ғылыми, мәдени және ағартушылық ұйымдармен байланыс жасайды, және басқа да президент тапсырмаларын орындайды. Осы негізгі ережелер, яғни вице-президенттің қызметтік функционалы, Конституция мәтінінде де көрініс табуы тиіс», – деді Тоқаев.
Ал мемлекеттік кеңесші лауазымы қысқарады.