$ 509.63  592.34  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Теңіз кен орнында мұнай өндіру тоқтатылды

Компания жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Теңіз кен орнында мұнай өндіру тоқтатылды
Фото: istockphoto.com

«Теңізшевройл» ЖШС Теңіз және Королевское кен орындарында мұнай өндіру жұмысы уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап хабарлады.

ТШО өкілдері мұнай өндіру қауіпсіздік мақсатында, ықтимал тәуекелдердің алдын алу үшін тоқтатылғанын түсіндірді.

«Бұл шешім өндірістік нысандардағы электр энергиясын тарату жүйелерінің кейбіріне әсер еткен жағдайға байланысты қабылданды. Зардап шеккендер жоқ, ал персоналдың қауіпсіздігі компания үшін ең басты басымдық болып қала береді», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ТШО-ның техникалық қызметтері болған жағдайдың бастапқы себебін анықтау жұмысын жүргізіп жатыр. Негізгі міндет – туындаған ахуалды қауіпсіз түрде жою және жұмысты қалыпты режимде қайта қалпына келтіру.

Компания өкілдері жағдайды бақылауда ұстау және алдағы қадамдарды келісу үшін мемлекеттік органдармен тұрақты байланыста екенін айтты.

ТШО Теңіз кен орны мен барлық өндірістік нысанның қауіпсіз екеніне және сенімді қорғауда тұрғанына сендірді.