19.01.2026, 16:57
Жаңалықтар
Шымкентте балаларына алимент төлемеген 100-ге жуық ата-ана сотталып кетті
Алимент төлемеген тағы 256 ата-ана қамауға алынды
Фото: istockphoto.com
Шымкент қаласында алимент өндіру мәселесіне қатысты 13 727 іс тіркелген. Бұл туралы қалалық әділет департаментінің басшысы Айнұр Исабекова мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, балаларының алдындағы міндетін орындаудан жалтарған 98 азаматқа сот үкімі шыққан, ал 256 борышкер қамауға алынған.
Мамандардың мәліметінше, алимент қарызын өндіру қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Құзырлы органдар борышкерлерге қатысты заң аясында шараларды күшейтіп, балалардың заңды құқығын қорғау бағытында жұмыстарды жалғастыруда.
Көп оқылған
06.09.2026, 06:17
235 келі қару тәркіленді: полиция алматылықтарға қатаң ескерту жасады
06.09.2026, 15:56
Қазақстандық танымал travel-блогер Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді (ВИДЕО)
06.09.2026, 08:31
Алматыда үш ер адам азық-түлік дүкенінде төбелес шығарды
06.09.2026, 16:41
Алматыда екі көлік соғылып, біреуі аударылып кетті