$ 509.63  592.34  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралда полиция халықаралық іздеуде жүрген азаматты қолға түсірді

33 жастағы ер адам қолға түсті

Оралда полиция халықаралық іздеуде жүрген азаматты қолға түсірді
Фото: БҚО ПД

Оралда аса ауыр қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген ер адам қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ішкі істер министрлігі өткен жылдардағы қылмыстың ашылуын жіті бақылауда ұстап отыр. Атап айтқанда, 17 қаңтарда Оралда Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қылмыстық полиция басқармасымен бірлесіп, «Бүркіт» арнайы жасағының күштік қолдауымен 33 жастағы азаматты ұстады. Ұстау жедел ақпарат негізінде жүзеге асырылды.

Анықталғандай, аталған азамат Орал қаласы аумағында жасалған ер адамды өлтіру дерегі бойынша аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 2024 жылдан бері халықаралық іздеуде болған.

«Қазіргі уақытта ұсталған тұлға уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Ішкі істер министрлігі өткен жылдардағы ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр. Бұл жағдай жазадан ешкім де құтыла алмайтынын көрсетеді», – делінген БҚО ПД хабарламасында.