Қостанай және Павлодар облыстарында дәрілік препараттар жоғары бағада сатылған

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қостанай және Павлодар облыстарында дәрілік препараттарды жоғары бағада сату фактілері анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылғы 6 шілдеде COVID-19 пандемиясымен күрес кезеңінде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар және Қостанай облыстары бойынша Экономикалық тергеу департаменттерінің қызметкерлері жедел ақпарат негізінде дәрілік заттарды жоғары бағамен сату фактілерін анықтады.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде Қостанай қ. тұрғынынан  бақылаудағы сатып алу арқылы 15 қорап «РОТАЦЕФ» дәрілік заты орнатылған шекті құнынан жоғары бағада сатып алынды. Сондай-ақ, айыпталушыдан сәйкес құжаттарсыз және ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы»  бұйрығын бұзатын қосымша көлемде вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер мен антибиотиктер тәркіленіп алынды», - делінген хабарлмада.

Дәл осындай факт Павлодар облысында анықталды, мұнда қызуды басатын препараттар дәрілерге орнатылған шекті бағадан асырып сатылған.

Қазіргі таңда аталған фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, айыпты тұлғалар жауапкершілікке тартылатын болады.