Ертең Қызылордада Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысы өтеді

Автор: Асыл Арман

Президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті

Фото: Қызылорда әкімдігі: Instagram

Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтетін болды. Бұл туралы президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сыр бойындағы жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады», – деп жазды Руслан Желдібай.

Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары мына өңірлерде өтті:

  • 2022 жылы – Ұлытауда;
  • 2023 жылы – Түркістанда;
  • 2024 жылы – Атырауда;
  • 2025 жылы – Бурабайда.