Семейде жылу құбыры жарылды: әкімдік не дейді

Автор: Дәулет Ботагөз

Бірнеше аудан тұрғындары қыстың ортасында жылусыз қалды

Фото: © istockphoto.com

Семей қаласындағы қатты аяз жылу жүйесіне салмақ түсіріп, ірі апатқа себеп болды. Бірнеше ауданның тұрғындары қыстың ортасында жылусыз қалып, үйлеріндегі батареялар суып кеткенін хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Қазандықтағы түтінсіз тыныштық

Алғашқы дабыл әлеуметтік желілерде басталды. Тұрғындар «Ғаббасов» қазандығының мұржасынан түтін шықпай қалғанын және үй ішіндегі температураның күрт төмендегенін айтып, видео жариялады.

«Батареялар мұздап кетті, қазандық жұмыс істемей тұрған сияқты», — деп жазды жергілікті паблик оқырмандары.

Әкімдік көп ұзамай Беспаев көшесінің бойындағы магистральды жылу құбырында апат болғанын растады.

Әкімдіктің түсініктемесі: Апатқа  себебі неде?

Семей қаласының әкімдігі бұл төтенше жағдайды аймақтағы өте қатты аязбен байланыстырды. Құбырлар төмен температураның қысымына шыдас бермеген.

«Беспаев көшесіндегі магистральды жылу құбырының жарылуына байланысты шұғыл жөндеу жұмыстары басталды. Апаттық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр», — деп хабарлады ведомство.

Апатты жою: Түнгі жұмыстың нәтижесі

18 қаңтарға қараған түні қала әкімі Әділет Қожанбаев апаттың толық жойылғаны туралы мәлімдеме жасады.

Магистральды құбырдағы жарылу орны толық бітеліп, жылу жүйесі қайта іске қосылды. Қазіргі уақытта жылу тасымалдағыштың температурасын біртіндеп көтеру жұмыстары жүріп жатыр.