Иесіне айыппұл салынды: Алматыда қараусыз жүрген ит баланы қауіп алды (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Полиция оқиғаны тексерді

Фото: видеодан скриншот

Алматыдағы Қалқаман шағын ауданында қараусыз жүрген ит балаға шабуыл жасады. Алдын ала мәлімет бойынша, жануар қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз жүрген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізді. Ит иесі жануарларды ұстау қағидаларын бұзып, адамның денсаулығына зиян келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Болашақта мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында тиісті шаралар қабылданды.

«Балалардың және қала тұрғындарының қауіпсіздігі – біздің басты міндетіміз. Әрбір жануар иесі оларды ұстау қағидаларын қатаң сақтауға және өз питомецтерін бақылауда ұстауға міндетті. Бұл талаптарды сақтау адамдардың да, жануарлардың да қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», – деп атап өтті Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Жақыпбаев.