$ 510.95  594.49  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда қарт кісіні қағып өлтірген жүргізуші сотталып кетті

Қоқыс көлігінің жүргізушісіне үкім шығарылды

Қостанайда қарт кісіні қағып өлтірген жүргізуші сотталып кетті
Фото: istockphoto.com

Қостанайда аулалардың бірінде зейнеткер әйелді қағып, өлтірген қоқыс көлігінің жүргізушісіне сот үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қостанай қаласының №2 сотында жол қозғалысы ережесін бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соққан В. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі).

Соттың анықтауынша, 2025 жылдың қазан айында «Тазалық-2012» ЖШС-ге тиесілі КамАЗ 43253 қоқыс көлігін басқарған жүргізуші артқа жүру кезінде көліктің қозғалысын толық бақыламаған. Соның салдарынан сол бағытта келе жатқан жаяу жүргінші К.-ны қағып кеткен. 67 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды.

Тараптардың соттағы ұстанымы

Мемлекеттік айыптаушы жүргізушіге 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру және 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Жәбірленушілер мен олардың өкілі бас бостандығынан айырмайтын жаза қолдануды талап етті.

Сотталушы В. кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтты.

Тағайындалған жаза

Сот мынадай жеңілдететін мән-жайларды ескерді:

  • кәмелетке толмаған баласының болуы;
  • материалдық және моральдық шығынды өз еркімен өтеуі;
  • кінәсін толық мойындауы және өкінуі.

Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. ҚР ҚК 55-бабының 2-бөлігіне сәйкес, жеңілдететін жағдайлар болған кезде жаза мерзімі ең жоғары мерзімнің жартысынан аспауы тиіс.

Осыны ескере отырып, сот жүргізушіге ең төмен қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде 2 жыл бас бостандығынан айыру, сондай-ақ 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкімнің заңды күші

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ. Тараптар оны апелляциялық тәртіппен шағымдай алады.

Серіктес жаңалықтары