$ 510.95  594.49  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шетелдіктер Алматыда call-орталық ашып, алаяқтықпен айналысқан

Алматыда шетелдік алаяқтық call-орталығының қызметі тоқтатылды

Шетелдіктер Алматыда call-орталық ашып, алаяқтықпен айналысқан
Фото: istockphoto.com

Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері шетелдік алаяқтық call-орталықтың заңсыз қызметін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының азаматтарын тарта отырып, телефон арқылы алаяқтықтың құқыққа қарсы схемасын ұйымдастырғаны анықталды.

«Қаскүнемдер SIP-нөмірлерін сатып алып пайдаланған, олар арқылы ақша ұрлау мақсатында азаматтарға мыңдаған алаяқтық қоңырау жасаған.

Жүргізілген жедел-тергеу әрекеттерінің нәтижесінде call-орталықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін серверлер анықталып, токтан/желіден ажыратылды. Заңсыз әрекеттер толығымен тоқтатылды», – делінген прокуратура хабарламасында.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары