АҚШ 55 млн визаны қайта тексеретін болды

Автор: Аягөз Құрмаш

Былтыр 100 мың визаның күші жойылған

Фото: Freepik

АҚШ билігі виза иелерін тұрақты тексеріп, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда визаны жойып тастайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазір 55 миллион адамда АҚШ визасы бар, олар тұрақты түрде тексеріледі. Заң бұзса – виза аннулияцияланады», - деді АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Ян Бейтсон.

Өкілдің мәліметінше, 2025 жылы департамент 100 мыңнан астам визаны жояды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Аннулияцияланған визалардың арасында 8 мың студенттік виза және 2,5 мың H-1B жұмыс визасы бар.

2026 жылғы 14 қаңтарда АҚШ мемлекеттік департаменті 75 елдің азаматтарына иммиграциялық визаларды беруді уақытша тоқтатты, олардың қатарында Ресей де бар. Шешім 21 қаңтардан бастап күшіне енеді және департамент «виза беру процесін қайта қарағанға дейін» күшінде болады.

Fox News хабарлағандай, департамент бұл шешімді «қолданыстағы үміткерлерді бақылау және оларды мемлекет үшін ауыртпалықтан қорғау мақсатында» қабылдаған.

Шектеу 75 елдің азаматтарына қатысты болады, олардың ішінде Әзербайжан, Армения, Ресей, Бразилия, Иран, Ирак және тағы басқа елдер бар.

Айта кетейік, шектеу тек иммиграциялық визаларға қатысты (яғни, елге тұрақты тұруға көшуге мүмкіндік беретін визалар), ал туристік, оқу немесе қысқа мерзімді жұмыс визаларына әсер етпейді.

Washington Post Politics дерегінше, мемлекеттік департамент өкілі Томми Пиггот: «АҚШ президентінің әкімшілігі иммиграциялық жүйені теріс пайдаланатын және американдық байлықты ұрлауға тырысатын тұлғаларға тосқауыл қояды» деп мәлімдеді.

Т.Пигготтың айтуынша, 75 елдің азаматтарына иммиграциялық визаларды беру, департамент процестерді қайта қарамайынша тоқтатылады, бұл әлеуметтік қамтамасыз ету және мемлекеттік жәрдемақыларды пайдалану үшін келетін шетел азаматтарын болдырмауға бағытталған.