Алматылық фельдшер Таиландта екі жасар қызды аман алып қалды
Таиландта демалып жүрген қазақстандық фельдшер Гауһар Әкімова екі жасар бүлдіршінді құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желідегі мәліметке сүйенсек, Гауһар Әкімова инфекция салдарынан ұстамасы пайда болған екі жасар қыз балаға дереу медициналық көмек көрсетті.
Бүлдіршіннің туыстары туристтер арасынан көмек іздеген. Дәл сол уақытта жақын маңда жүрген қазақстандық әйел дереу жетіп, алғашқы көмек көрсетіп, шұғыл қызметтердің келуін күтті.