«ҚазАвтоЖол» ресми мәлімдеме жасады
Қазақстанның екі облысындағы республикалық маңызы бар автожолда 15 қаңтар күні сағат 11:30-дан бастап ауа райының күрт нашарлауына байланысты қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Барлық көлік түрінің қозғалысы төмендегі учаскелерде уақытша тоқтатылды:
ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы автожолының 1087-1103 шақырым аралығы (Боғаc ауылы мен ШҚО шекарасы аралығы).
Осы бағыттағы автожолдың 1103-1256 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасынан Зайсан қаласына дейінгі учаске).
Жол учаскелерін қайта ашудың болжамды уақыты – 2026 жылғы 15 қаңтар, сағат 17:00.