ІІМ хабарламасы жарияланды
Ішкі істер министрлігі 9-12 қаңтар аралығында республикалық «Қару» жедел іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс-шараның нәтижесінде заңсыз айналымнан 340 қару, және 2 мыңнан астам, оқ-дәрі тәркіленді; 14 криминалдық қару алынды, оның ішінде сегізі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, алтауы бұрын жоғалған қару; алыстағы шаруа қожалығы тексеріліп, нәтижесінде, 70 атыс қару тәркіленді; ел тұрғындары, өз еркімен 35 қаруды өз еркімен полицияға тапсырды.
«Ішкі істер министрлігі еске салады: заңсыз сақталған қаруды, өз еркімен тапсырған азамат қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады», – делінген хабарламада.