Дизель отынымен жүретін және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды
Қазақстанның солтүстік өңірлерінде ауа райының күрт нашарлауына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Қазавтожол» ұлттық компаниясының мәліметінше, 13 қаңтар сағат 18:00-ден бастап Солтүстік Қазақстан облысында боран мен көрінудің төмендеуіне байланысты дизель отынымен жүретін және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді.
Атап айтқанда, Ақмола облысы аумағында келесі жол учаскелері жабылды:
– «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» тасжолының 304-341 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін);
– «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы» автожолының 14-50 шақырым бөлігі (Көкшетаудан СҚО шекарасына дейін);
– «Көкшетау – Рузаевка» тасжолының 0-61 шақырым аралығы;
– «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 856-915 шақырымы (Жақсы елді мекені – СҚО шекарасы);
– «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» бағытының 537-552 шақырым бөлігі (СҚО шекарасы – Сұрған ауылы).
Ал Қостанай облысында:
– «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай» жолының 683-729 шақырым аралығы (Сарыкөл ауылы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
– «Мамлютка – Қостанай» тасжолының 180-250 шақырым бөлігі (СҚО шекарасы – Ұзынкөл ауылы) уақытша жабылды.
«Қазавтожол» өкілдерінің хабарлауынша, жолдарды 14 қаңтар сағат 10:00-де қайта ашу жоспарланып отыр. Алайда бұл ауа райының жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін.
Мамандар жүргізушілерді алыс жолға шықпауға, ресми хабарламаларды бақылап отыруға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.