Астанада қақаған аяз, Алматыда қарлы боран күтіледі
Синоптиктер екі мегаполистегі үш күндік ауа райы болжамын жариялады
Қазгидромет дерегінше, алдағы үш күнде елордада қақаған аяз сақталып, Алматыда қар мен көктайғақ болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Астанадағы ауа райы болжамы
Мамандардың мәліметінше, 14 қаңтар күні елордада аспан бұлтты болғанымен, жауын-шашын күтілмейді. Түнгі және таңғы уақытта тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге дейін жетеді.
Ауа температурасы түнде минус 28 бен минус 30 градус аралығында болып, күндіз минус 21–23 градус шамасында сақталады.
15 қаңтарда да Астанада жауын-шашынсыз бұлтты ауа райы күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 9–14 метрге дейін күшейеді.
Түнгі уақытта ауа температурасы минус 26–28 градусқа дейін төмендеп, күндіз минус 20–22 градус деңгейінде болады.
16 қаңтарда да ауа райы айтарлықтай өзгермейді. Аспан бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, секундына 9–14 метр жылдамдыққа жетеді.
Түнде ауа температурасы минус 26–28 градус шамасында сақталса, күндіз минус 20–22 градус аралығында болады.
Алматыдағы ауа райы болжамы
Мамандардың мәліметінше, 14 қаңтарда Алматыда аспан бұлтты болғанымен, жауын-шашын түспейді. Түнгі және таңғы уақытта тұман түсіп, көріну қашықтығы төмендеуі мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан секундына 2–7 метр жылдамдықпен соғады.
Ауа температурасы түнде нөлден минус 2 градусқа дейін төмендеп, күндіз плюс 3 пен плюс 5 градус аралығында болады.
15 қаңтарда ауа райы күрделене түседі. Күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Түнде және таңертең тұман сақталып, жолдарда көктайғақ пайда болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 3–8 метрге дейін күшейеді.
Түнде ауа температурасы минус 3–5 градус, күндіз минус 1 градустан плюс 1 градусқа дейін болады.
16 қаңтарда Алматыда мезгіл-мезгіл қар жауады. Тұман мен көктайғақ қайтадан қауіп төндіреді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 3–8 метрге жетеді.
Түнгі уақытта ауа температурасы минус 5–7 градусқа дейін төмендеп, күндіз минус 1–3 градус шамасында сақталады.