«Баяғы қалыптарына түскен»: құлдықта болған екі қыздың жағдайы жұртты алаңдатты (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Оқырмандар оларды басқа орталыққа ауыстыру керегін айтты

Фото: видеодан скриншот

Журналист Руслан Өтепбай Тараздағы орталыққа барып Құндыз бен Назгүлдің жағдайы көрді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Құндыз бен Назгүлдің жағдайынан хабар алу үшін араға төрт ай салып, Таразға келдім. Қос қарындасымды көріп, жаңа жылдарымен құттықтап, сөйлесіп қайттым», - деп жазды ол.

Сондай-ақ журналист қыздарды Жаңа жылмен құттықтап, сыйлықтарын табыстады.

Алайда оқырмандар екі қыздың жағдайына алаңдаушылық білдірді.

«Мал бағып жүрген күйлеріне қайта түскен. Халық болып талап етейік, Руслан мырзаның қамқорлығына берілсін, халықта күдік басым, баяғы қалыптарына түскен. Алматыда жүргенда жақсы еді жағдайлары», - деп жазған олар.

Еске сала кетейік, былтыр Түркістан облысы Есік Шілік ауылында тұратын, 17 жыл ішінде жұпыны тірлік кешкен Назгүл бен Құндыз есімді екі қыздың жағдайына алаңдаған сыныптастары халықтан көмек сұраған еді. Сол кезде қыздардың бірінің жасы 32-де, екіншісінің жасы 27-де болды. Оларға немере ағасы Cәулебек Әбілдаев ресми түрде қамқоршы болған. Оның сөзінше, қыздарда анықталған туберкулез балаларына жұға ма деген қорқыныштан оларды оқшаулаған. Бөлек үйде тұрғызып, мал бақтырған.