Бүгін, 12:27
Жаңалықтар
ТЖМ көктемгі су тасқынына қарсы дайындықты күшейтті
Бірқатар өңірде инженерлік жұмыстар істеліп жатыр
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Еліміздің бірнеше өңірінде көктемгі су тасқынының алдын алу бағытында жоспарлы инженерлік жұмыстар жалғасып жатыр. Негізгі мақсат елді мекендерді су басу қаупін азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
- Ақмола облысында Атбасар және Бұланды аудандарындағы қауіпті учаскелер тексеріліп, өзен арналарын тереңдету, бөгеттерді нығайту және гидротехникалық нысандарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
- Шығыс Қазақстан облысында Глубоков ауданында өзен арналары кеңейтіліп, тазартылды. Үлбі өзенінің арнасы 30 метрге дейін кеңейтіліп, Глубочанка өзенінде 4 шақырымнан астам бөлігі тереңдетілді. Бұл еріген қар суының қауіпсіз өтуіне мүмкіндік береді.
- Батыс Қазақстан облысында Орал қаласында каналдар тазартылып, су қоймалары жөнделді. Қорғаныш бөгеттері нығайтылып, өзен арналары ретке келтірілді.
- Қостанай облысында су басу қаупі бар аумақтар тексеріліп, бөгеттерді күшейту, арналарды тазалау және дренаж жүйелерін дайындау жұмыстары бағаланды.
- Павлодар облысында Баянауыл ауданында гидромелиорациялық жүйелер жаңғыртылып, 17 елді мекенді су басу қаупі едәуір төмендетілді. 150 шақырым қорғаныш бөгендері салынды.
- Шымкент қаласы мен Түркістан облысында су қоймалары мен тоғандардың жағдайы тексеріліп, тасқын кезеңіне дайындығы бағаланды.
Мамандардың айтуынша, су тасқынына қарсы инженерлік қорғау жұмыстары жоспарға сай жалғасып, жағдай тұрақты бақылауда.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
12.01.2026, 11:59
Марқұмдарды жасанды интеллект арқылы «қайта тірілтуге» бола ма – Мүфтият пәтуа шығарды
12.01.2026, 15:23
Абай облысында жоғалып кеткен 8 жастағы бала құдықтан табылды (ВИДЕО)